29 мамыр 2017 08:20

Әйгілі Роналдо Месси мен Роналдуды салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Месси мен Роналду. © Reuters Месси мен Роналду. © Reuters

Бразилия құрамасының аңызға айналған футболшысы Роналдо мадридтік "Реалдың" форварды Криштиану Роналду мен "Барселонаның" аргентиналық ойыншысы Лионель Мессиді салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Бразилия құрамасының аңызға айналған футболшысы Роналдо мадридтік "Реалдың" форварды Криштиану Роналду мен "Барселонаның" аргентиналық ойыншысы Лионель Мессиді салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Роналдоның пікірінше, 2017 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" жүлдесін португал ойыншысы алады. "Биыл мен жүлдені Роналдуға берер едім. Соңғы екі жылда ол шешуші ойыншы болды. Криштиану Чемпиондар лигасында "Реалдың" матчтарында өте маңызды ойыншы болды, ал алда әлі финал бар", - дейді бразилиялық. 

Алайда ол Роналду мен Мессиді салыстыру қиын екенін және екеуінің де мықты тұстарын атап өтті. "Екеуі де - фантастикалық ойыншы. Мессидің допты игеру шеберлігі ұнайды - ол доп соға алады және қолынан келмейтіні жоқ. Алайда Роналдудың статистикасын да ұмытпауымыз керек. Екеуін салыстыру өте қиын. Екеуі де құрметке лайық", - деді Роналдо. 

Айта кетейік, Роналду мен Месси 2008 жылдан бастап "Алтын доп" жүлдесін алып келеді. Португал әлемнің үздік футболшысы атағына 2008, 2013, 2014 және 2016 жылдары лайық болса, аргентиналық 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары лайық болған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети