"Барселона" мен "Реал" 17 жылда алғаш рет есеп аша алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселона" мен "Реал" 17 жылда алғаш рет есеп аша алмады © Reuters

Каталониялық "Барселона" Испания чемпионатының оныншы турындағы кейінге шегерілген матчта мадридтік "Реалмен" тең тарқасты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каталониялық "Барселона" Испания чемпионатының оныншы турындағы кейінге шегерілген матчта мадридтік "Реалмен" тең тарқасты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Камп Ноуда" өткен эль-класико 0:0 есебімен аяқталды. Матчтың 73-минутында төрешілердің бейнекөмекші құралы (VAR) "Реал" форварды Гарет Бэйлдің голын есептеген жоқ - қорғаушы Флоран Менди пес беру кезінде офсайдта болған. 

Эль-класикода 0:0 есебі соңғы 17 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Бұған дейін "Барселона" мен "Реал" 2002 жылы 24 қарашада есеп аша алмаған. 

Қазір екі клубта да 36 ұпайдан бар, бірақ "Барселона" турнир кестесінде "Реалдан" қосымша көрсеткіштер бойынша озып тұр. Үшінші орындағы "Севильяда" 31 ұпай бар. 

Айта кетсек, эль-класико басында 28 қазанда өтуі керек болған, бірақ Каталониядағы шеруге байланысты матч кейінге шегерілген. Енді "Реал" мен "Барселона" 1 наурызда Мадридте чемпионаттың 26-турында кездеседі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети