"Барселонаның" Мессиге қолданатын жазасы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселонаның" Мессиге қолданатын жазасы белгілі болды Сурет: Sportbox

Лионель Месси маусым алды жиындарға қатыспаған жағдайда "Барселона" аргентиналық шабуылшыға қандай шара қолданатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Чемпионатқа" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лионель Месси маусым алды жиындарға қатыспаған жағдайда "Барселона" аргентиналық шабуылшыға қандай шара қолданатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Чемпионатқа" сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, клуб басшылығы Месси командамен қанша күн жиынға қатыспаса, соғұрлым айлығын қысқартып отырмақ. 

Мұның алдында Месси ПТР-тест тапсыруға келмеген. Сонымен қоса, ол каталондық клубқа маусым алды жиындарға қатыспайтынын ескерткен екен.

Еске салайық, 25 тамызда Месси "Барселона" басшылығына клубтан кететінін хабарлаған. Аргентиналық әр маусым соңында келісімшартты үзуге рұқсат беретін мүмкіндігін пайдаланбақ. "Барселона" футболшыны өзге командаға тегін бере салғысы келмейді, сондықтан мазақ қылғандай футболшыға 222 миллион және 1 еуро баға белгілеп қойған екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети