11 ақпан 2014 15:42

Бауыржан Исламхан "Қайрат" клубына ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет fckairat.kz сайтынан Сурет fckairat.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ресми түрде "Қайрат" клубына ауысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қайрат" (Алматы) және "Кубань" (Краснодар, Ресей) клубтары Бауыржан Исламханның Алматы командасына ауысуы жөнінде мәмілеге келді. Бұл ақпаратты "Қайрат" футбол клубының ресми сайты таратты. Алматы клубы Қазақстан жастар құрамасының капитанымен үш жылға келісімшарт жасапты. Енді ол қайтадан өз елімізде ойнайтын болады. Батори (отандық футбол әлемі Бауыржанды осылай атап кеткен) өз карьереасын "Тараз" клубында бастаған. Өрімдей жас кезінде-ақ "Тараздың" капитаны болды. 2013 жылғы маусымда Ресей премьер-лигасындағы "Кубань" клубына ауысты. Бірақ оның қосалқы құрамында ғана санаулы ойын өткізді. Маусым барысында оны "Астана" клубы жалға алған болатын. Енді, міне "Қайраттың" жейдесін киетін болып отыр. Бауыржан Ербосынұлы 1993 жылы 23 ақпанда туған. Бойы – 174 см. Екі жыл қатарынан Достастық кубогында Қазақстан жастар құрамасының сапында ерекше көзге түсті. Мамандар тарапынан жоғары баға алды. Енді соның бәрін ересектер арасында да жүзеге асырып, өзінің әлеуетінің жоғары екендігін дәлелесе дейміз...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети