Бауыржан Исламхан. Фото: com-cup.com
Қазақ футболының талантты тарланбозы Бауыржан Исламхан Нева жағасындағы додада ресейліктерді өз өнеріне тәнті қылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жақында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ХХІІ "Достастық кубогы" аяқталып, Қазақстан жастар құрамасы бесінші орынға ие болған. Осы дода аяқтала салысымен, Ресейдің sports.ru сайты өз тұжырымы бойынша биылғы доданың ең үздік бес ойыншысын атапты. Онда бірінші орынды Украина құрамасының капитаны Владислав Калитвинцевке берген. Ол түсінікті де. Өйткені Украина жастары биылғы "Достастық кубогының" жеңімпазы атанды. Әрі Владислав Калитвинцев биылғы доданың ең үздік ойыншысы болып танылды. Ал екінші орынға біздің Бауыржан Исламханды қойған. Сонымен қатар, оның өнерін былай деп сипаттаған: – Қазақстан бесінші орынға ие болды. Бұл ретте 9-шы нөмірлі Бауыржан Исламханның үлесі орасан зор. Тараз тумасы "Достастық кубогының" былтырғы додасында-ақ өз қабілетін паш еткен. Содан соң ол Краснодардың "Кубань" клубымен келісімшартқа отырды. Бірақ Краснодар өлкесінің астанасында ісі оңға баспады, сондықтан туған еліне қайтып, қазақтың "Қайратының" құрамына алынды. Енді Алматы клубының бас бапкері Владимир Вайсс негізгі құрамды анықтау үшін бас ауыртатын болды... Өйткені Исламхан турнир барысында өте сирек кездесетін лидерлік қабілетімен көзге түсті. Шеберлігі мол Георгий Жуковпен тізе қоса ойнап та, жеке өзі ойын тізгінін қолына алып та, өрнекті ойын үлгісін көрсетті. Командалық ойын үлгісін үдете алатын қабілетімен бір өзі ойын тағдырын шешіп кете алатындығын да паш етті. Бұл ретте Ресей жастары құрамасының бас бапкері Николай Писаревтың "Ол шабуылдың өрбу барысын екі-үш қадам бұрын көреді. Керемет! Мұндай ойыншылар турниріміздің көркін ашады..." деген пікірімен толық келісеміз. Әрі қарай қалай болары белгісіз, бірақ осы додада Исламханның жұлдызы жарқырап жанды... Біз өз кезегімізде Бауыржанның жұлдызы одан әрі жарқырап, қазақ футболының көрнекті тұлғасы болуға тілектеспіз.
Қазақ футболының талантты тарланбозы Бауыржан Исламхан Нева жағасындағы додада ресейліктерді өз өнеріне тәнті қылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жақында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ХХІІ "Достастық кубогы" аяқталып, Қазақстан жастар құрамасы бесінші орынға ие болған. Осы дода аяқтала салысымен, Ресейдің sports.ru сайты өз тұжырымы бойынша биылғы доданың ең үздік бес ойыншысын атапты.
Онда бірінші орынды Украина құрамасының капитаны Владислав Калитвинцевке берген. Ол түсінікті де. Өйткені Украина жастары биылғы "Достастық кубогының" жеңімпазы атанды. Әрі Владислав Калитвинцев биылғы доданың ең үздік ойыншысы болып танылды.
Ал екінші орынға біздің Бауыржан Исламханды қойған. Сонымен қатар, оның өнерін былай деп сипаттаған:
– Қазақстан бесінші орынға ие болды. Бұл ретте 9-шы нөмірлі Бауыржан Исламханның үлесі орасан зор. Тараз тумасы "Достастық кубогының" былтырғы додасында-ақ өз қабілетін паш еткен. Содан соң ол Краснодардың "Кубань" клубымен келісімшартқа отырды.
Бірақ Краснодар өлкесінің астанасында ісі оңға баспады, сондықтан туған еліне қайтып, қазақтың "Қайратының" құрамына алынды. Енді Алматы клубының бас бапкері Владимир Вайсс негізгі құрамды анықтау үшін бас ауыртатын болды...
Өйткені Исламхан турнир барысында өте сирек кездесетін лидерлік қабілетімен көзге түсті. Шеберлігі мол Георгий Жуковпен тізе қоса ойнап та, жеке өзі ойын тізгінін қолына алып та, өрнекті ойын үлгісін көрсетті. Командалық ойын үлгісін үдете алатын қабілетімен бір өзі ойын тағдырын шешіп кете алатындығын да паш етті.
Бұл ретте Ресей жастары құрамасының бас бапкері Николай Писаревтың "Ол шабуылдың өрбу барысын екі-үш қадам бұрын көреді. Керемет! Мұндай ойыншылар турниріміздің көркін ашады..." деген пікірімен толық келісеміз. Әрі қарай қалай болары белгісіз, бірақ осы додада Исламханның жұлдызы жарқырап жанды...
Біз өз кезегімізде Бауыржанның жұлдызы одан әрі жарқырап, қазақ футболының көрнекті тұлғасы болуға тілектеспіз.