Бауыржан Исламхан "Зенитке" ауысады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Исламхан "Зенитке" ауысады - БАҚ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Санкт-Петербург қаласының "Зенит" клубына ауысады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы жағдайға етене жақын дереккөзге сілтеме жасап.

Ресейлік премьер-лиганың көшбасшысы қазіргі уақытта жаңа маусым алдындағы жиынды Катарда өткізіп жатыр. 

Таяуда Исламхан алматылық "Қайратпен" жаттығу өткізді, ал бүгін, 16 қаңтарда, "Зенитке" аттанады. 

Футболшы "Қайраттан" еркін агент ретінде кетті, бірақ команда құрамында оқу-жаттығу жиынын бастады. 2019 жылдың соңында оның алматылық клубпен келісімшарты аяқталды. Исламхан оны ұзартпады, бірақ келісім бойынша ол ҚПЛ-да ойнай алмайды. Сондай-ақ ресейлік "Локомотив" және "Крылья Советов" клубтары тарапынан жартылай қорғаушыға қызығушылық танытып отырғаны айтылған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети