Белгілі қазақстандық бапкер Бауыржан Сәрсекенов көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі қазақстандық бапкер Бауыржан Сәрсекенов көз жұмды © Vesti.kz

62 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәрсекенов Бауыржан Жолдасұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

62 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәрсекенов Бауыржан Жолдасұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Сәрсекенов "Мұнайшы" (Ақтау), "Намыс" (Алматы), "Ақжайык" (Атырау), ЦСКА (Алматы), "Жетісу" (Талдықорган), "Ордабасы" (Шымкент) және басқа клубтарда жаттықтырушы болған. Қазақстанның жастар құрамасын да жаттықтырған. 

"Қазақстанның футболын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталған. 

Қазақстан құрамасы үшін Марат Шахметов, Марк Гурман, Жамбыл Көкеев, Артем Фомин сияқты шәкірттерді баптады.

Жастар құрамасын жаттықтырған кезде Юрий Логвиненко, Танат Нөсербаев, Сабырхан Ибраев, Захар Коробов, Сергей Шафф сияқты футболшыларды тәрбиеледі. 

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Бауыржан Сәрсекеновтың туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети