"Бенфика" футбол клубының жартылай қорғаушысы Эдуардо Сальвионың тізесіне 10 тамыз күні Римде операция жасалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Mais Football басылымына сілтеме жасап.
"Бенфика" футбол клубының жартылай қорғаушысы Эдуардо Сальвионың тізесіне 10 тамыз күні Римде операция жасалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Mais Football басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, ойыншы мамыр айында жарақатының салдарынан ойыннан шығып қалған. Ол сол кезде бірден операция жасатыпты, алайда ол хирургтардың көмегіне тағы мәрте жүгінуге мәжбүр болды. Ақпарат құралының мәліметтеріне қарағанда, Сальвио ойын алаңына 2016 жылы наурызда оралуы мүмкін.
Айта кетейік, 25 жастағы аргентиналық Сальвио мансабын "Ланус" пен мадридтік "Атлетикодан" бастаған, 2010 жылдан бері "Бенфиканың" құрамында, 147 матчқа қатысып, 37 гол соққан. Ол "Бенфика" қымбат ойыншыларының тізімінде екінші орында тұр. Оның трансферлік бағасы - 22 миллион евро.
Естеріңізге сала кетейік, "Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде испаниялық "Атлетикомен", португалиялық "Бенфикамен" және түркиялық "Галатасараймен" ойнайды. Қазақстан чемпиондары бірінші матчты 15 қыркүйек күні Лиссабонда өткізеді. "Астана" ойындарының толық кестесімен мына жерде танысуға болады.