Бойы 157 сантиметр желаяқ футболшының жүгірісі жұртты таңдай қақтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бойы 157 сантиметр желаяқ футболшының жүгірісі жұртты таңдай қақтырды Видеодан скриншот

Индонезияның жоғары дивизионында "Борнео" клубының сапында ойнайтын 21 жастағы футболшы Теренс Пухири сұмдық жылдамдығын көрсетті, - деп хабарлайды Eurosport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индонезияның жоғары дивизионында "Борнео" клубының сапында ойнайтын 21 жастағы футболшы Теренс Пухири сұмдық жылдамдығын көрсетті, - деп хабарлайды Eurosport.

"Митра Кукар" командасына қарсы сырт алаңда өткізген ойында ол жарты алаңды сұмдық жылдам жүгіріп өтіп, гол соқты. Алты секунд ішінде аяқдопшы шамамен 60 метр жүгіріп өтіп, әсерлі гол салған соң, көрермендер жаға ұстап, таңдай қақты. 

Ал әлеуметтік желі қолданушылары оны Жер шарындағы ең жылдам адам деп атап отыр. Айта кетсек, бұл матч 4:0 есебімен аяқталды. Телеарна мәліметінше, Теренс Пухиридің бойы 1,57 метр. 2017 жылдың бір маусымында футболшы 28 матч өткізіп, алты доп салған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети