17 маусым 2014 | 12:37

Бразилия - 2014: Германия Португалияны, АҚШ Гананы жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы әлем чемпионатында ең жылдам гол соққан Клинт Демпси. АFP© Биылғы әлем чемпионатында ең жылдам гол соққан Клинт Демпси. АFP©

Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының бесінші күні артта қалды. Бұл күні Германия Португалиямен, Иран Нигериямен, АҚШ құрамасы Ганамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының бесінші күні артта қалды. Бұл күні Германия Португалиямен, Иран Нигериямен, АҚШ құрамасы Ганамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

Немістер Португалияны ойсырата жеңді

Бесінші ойын күнінің алғашқы матчында Германия мен Португалия құрамасы кездесті. "Форте Нова" стадионында өткен бұл кездесу мамандардың пайымдауы бойынша тартысты өтуі керек еді. Бірақ іс жүзіне келгенде керісінше болып шықты. Ойынның алғашқы минутынан бастап допты өз бақылауларына алған "неміс машинасы" кездесудің соңына дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы есепті ойынның 11-минутында мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Томас Мюллер ашты. Ол командаласы Мариа Гетце алып берген онбір метрлік айып добын сауатты орындады. Бұл біріншілік барысындағы бесінші пенальти болатын. Ойынның 32-минутында дортмундық "Боруссияның" қорғаушысы Матс Хуммельс бұрыштан асырылған допқа қарсыластарынан бұрын жетіп есепті еселесе, бірінші тайм аяқталар тұста Томас дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді. Айта кетейік, бірінші тай орта белінде Томас Мюллерді басымен сүзіп кеткені үшін Португалия құрамасының қорғаушысы Пепе қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. Бұл ХХ-шы әлем чемпионатындағы үшінші сары қағаз еді.

Алаңда он футболшымен қалған Португалия құрамасы ойынның екінші бөлігінде шабуылдауға тырысқанымен, сәт сайын Филип Ламм бастаған Германияның қорғаушыларынан өте алмады. Ал, матчқа нүктені кездесудің 78-минутында Томас Мюллер қойып, біріншілік барысындағы алғашқы хет-триктің авторы атанды.

Германия – Португалия – 4:0
Голдар:
Томас Мюллер, 11 (пен), 45, 78, Матс Хуммельс, 32

Германия: Нойер, Боатенг, Мертезакер, Хуммельс, Хеведес, Лам, Хедира, Кроос, Озил, Гетце, Мюллер.

Португалия: Патрисиу, Алвеш, Пепе, Велозу, Коэнтрау, Роналду, Моутинью, Алмейда, Мейрелеш, Нани, Перейра.

Әлем чемпионатындағы алғашқы тең нәтиже

Бразилия жерінде өтіп жатқан футбол тойының бесінші күнінде алғашқы тең нәтижесі тіркелді. Бұл "F" тобындағы Иран мен Нигерия құрамалары арасындағы ойында болды. Сары құрлық өкілдері мен Қара құрлық өкілдерінің арасындағы кездесуде негізі анық фоварит болмады. Десе де матч барысында Нигерия құрамасының шамалы болса алаңдағы басымдылығы байқалып тұрған. Бірақ бас қазының ақтық ысқырығы естілгенде таблодағы көрсеткіш 0:0 есебін тіркеді.

Бұл ойынды ә дегеннен-ақ Нигерия құрамасы шабуылмен бастаған еді. Кездесудің 9-минутында Нигерия құрамасының шабуылшысы Оджени Онази айып алаңының сыртынан соққы бағыттан. Алайда, доп қақпада сәл қиыс кетті. Ал 34-минутта Иран құрамасының футболшысы Реза Гушанеджхад бұрыштан асырылған допты баспен қақпаға бағыттап еді, бірақ қақпашы қырағылық танытып қайтарып жіберді. Бірінші таймда осы екі сәттен басқа қос құраманың тарапынан айтарлықтай шабуыл болмады.

Екінші таймда да ойын бір сыдырғы қалыпта өтті. Ойынның басым бөлігінде допқа иелік еткен нигериялықтар қос қапталдан қаншама шабуыл ұйымдастырса да, қарсылас қақпасының саңылауын таба алмады. Осылайша, ХХ әлем чемпионатындағы алғашқы тең нәтиже тіркелді. Еске салайық, бұл топта кеше Аргентина мен Босния және Герцеговина арасындағы кездесу 2:1 есебімен "альбиаселестаның" пайдасына аяқталған болатын.

Иран – Нигерия – 0:0

Иран: Хагиги, Хейдари, Хаджсафи, Хоссейни, Садеги, Некунам, Теймурян, Монтазери, Гооханнеяд, Джаханбакш, Ансарифард.

Нигерия: Эньяма, Амброус, Ошанива, Обоабона, Омеруо, Онази, Оби Микел, Рамон Азиз, Виктор Мозес, Ахмед Муса, Эменике.

Әлем чемпионатындағы ең жылдам гол 

Бесінші күннің соңғы кездесуі АҚШ және Гана құрамалары арасында өтті. Бұл кездесуде биылғы әлем чемпионаты барысындағы ең жылдам гол согылды. Оның авторы АҚШ құрамасының шабуылшысы – Клинт Демпси.

Демпси өз голын кездесудің 30-секундында соқты. Ол қарсылас қорғаушыларының олқылығын пайдаланып, допты қақпаның алыс бұрышына бағыттаған. Нәтижесінде доп қақпаның бағанасына тиіп, америкалықтар есепте алға шықты

Бұл барлық әлем чемпионаттарын қоса есептегендегі бесінші жылдам гол екен. Футбол тарихына көз жүгіртетін болсақ, әлем чемпионаттары тарихындағы ең жылдам голдың авторы түрік футболшысы Хакан Шүкір болып қала бермек. Ол 2002 жылы Жапония мен Корея жерінде өткен әлем біріншілігі барысында Оңтүстік Кореяның қақпасына ойынның 11-секундында доп соққан еді. Екінші орында Вацлав Машек. Оның көрсеткіші – 15 секунд. Үшінші орын ойынның 25-секундында салған неміс шабуылшысы Эрнст Ленердің еншісінде. Төртінші орында 1934 жылы әлем біріншілігінде 25-секундта соққан ағылшындық шабуылшы Брайан Робсон тұр.

Қақпаларына жылдам гол кіргізіп алған Гана құрамасы өз ойындарына табу үшін алаңда біраз уақыт жоғалтып алды. Сөйтіп бірінші таймның орта белінде Кристиан Атсу қақпаға жойқын соққы бағыттады. Бірақ соққы қақпадан тыс кетті. Артынша америкалықтардың қақпашысы кезекті соққыны тосып алды. Бұл жолы Асамоа Гьян қақпаға тура соққы бағыттаған еді, бірақ Тим қақпашы өз орнынан табыла білді.

Екінші тайм да қос құраманың орталық алаңдағы допқа таласынан басталды. Ұрымтал сәтті пайдаланып, 59-минутта Асамоа Гьян баспен соққы жасағанымен, онысы қақпа үстінен өтті. Ал 82-минутта Андре Айю әріптесінен әдемі пас алып, қақпашымен бетпе-бет шығуға мүмкіндік алған-ды. Тим Ховард бұл жолы қақпасын голдан құтқарып қала алмай, есеп теңескен еді. Бірақ араға төрт минут өткенде Джон Брукс әуелеп келген допты қақпа ортасына қитұрқы түрде жұмсап, командасын қайта алға шығарды. Бұдан кейін ганалықтар тайлы-тұяғымен қалмай шабуылға шыққанмен, істен ешбір мән шықпады. Осылайша бұл кездесу 2:1 есебімен АҚШ құрамасының пайдасына аяқталды.

Гана - АҚШ - 1:2
Голдар: Клинт Демпси (1), Андре Айю (82), Джон Брукс (86)

АҚШ: Тим Хорвард, Майкл Брэдли, Мэтт Беслер, Дамаркус Бизли, Клинт Демпси, Алехандро Бедойя, Джермейн Джонс, Кайл Бекерман, Джози Алтидор, Джефф Кэмерон, Фабиан Джонсон

Гана: Адам Квараси, Асамоа Гьян, Даниэль Опаре, Кристиан Атсу, Андре Айю, Салли Мунтари, Джордан Айю, Мохаммед Рабиу, Джонатан Менса, Квадво Асамоа, Джон Бойе.

Айта кетейік, бүгін, яғни мундиальдің алтыншы күні Бельгия - Алжир, Ресей - Корея, Бразилия - Мексика кездесулері өтеді.
 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети