Бразилия құрамасына өз елінде шабуыл жасалды делінген видео жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия құрамасына өз елінде шабуыл жасалды делінген видео жалған болып шықты

Бразилия құрамасына өз елінде шабуыл жасалды делінген видео жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия құрамасына өз елінде шабуыл жасалды делінген видео жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Онда жасыл түсті автобусты бір топ адамның жұмыртқамен және жеміс-жидекпен атқылағаны көрінеді. Видеоны Facebook желісінде Global Informers - America парақшасы "Бразилия командасы, үйге қош келдіңіздер" деген атаумен шығарған. Ролик бір жарым миллионнан аса қаралып, 28 мың рет бөлісілген. Видеодағы бір адам 10 сан белгісі бар жейде киген (бұл нөмірлі жейдені Бразилия құрамасының ойыншысы Неймар киеді).

Сөйтсек, ролик наурызда түсірілген және Бразилия құрамасына ешқандай да қатысы жоқ болып шықты. Видеода белгісіз біреулердің Бразилияның бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Сильваның саяси партиясы мүшелеріне жасаған шабуылы бейнеленіпті. 

Ал мына видеода Бразилия құрамасын отандастарының шын мәнінде қалай күтіп алғанын көруге болады:

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети