08 шілде 2020 19:33

Бразилия құрамасының экс-футболшысы "Қайрат" сапына қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вагнер Лав. Фото: "Қайрат" ФК© Вагнер Лав. Фото: "Қайрат" ФК©

Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав "Қайрат" клубының футболшысы атанды, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты


Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав "Қайрат" клубының футболшысы атанды, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты

36 жастағы шабуылшымен алты айға келісімшарт жасалған. Ол тағы да созылуы мүмкін. Лавтың "Қайратқа" ауысқаны туралы ақпарат 23 маусымда белгілі болған еді.

36 жастағы футболшы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында туған. 2004-2012 жылдар аралығында мәскеулік ЦСКА сапында ойнаған. Сол кездері мәскеулік ұжым Ресей чемпионатында үш мәрте топ жарды. Ел кубогын алты және Суперкубогын төрт рет иеленген. Ал 2005 жылы УЕФА кубогын олжалады. 

Одан бөлек, ол Бразилияның "Палмейрас" (2002-04, 2009-10), "Фламенго" (2010, 2012-13), "Коринтинас" (2015-16, 2019-20), Қытайдың "Шаньдун Лунэн" (2013-15), Францияның "Монако" (2016), Түркияның "Аланияспор" (2016-18) мен "Бешикташ" (2018-19) клубтарында ойнаған. 

2003 жылы Бразилияның жастар құрамасы сапында бес кездесу өткізген Вагнер Лав төрт рет нысананы дәл көздеді. 2004-07 жылдар аралығында ұлттық команданың намысын қорғаған. Сол аралықта 20 рет жасыл алаңға шығып, төрт голдың авторы атанған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети