ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2019 | 12:17
Бразилиялық футболшы әйел әлемнің ең үздік сұрмергені атанды
Футболдан Бразилия құрамасының шабуылшысы Марта Виейра да Силва ерлерді қоса есептегенде әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Бұл туралы OptaJoe статистикалық қызметінің Twitterжелісіндегі парақшасында жазылған.

Марта Италияға қарсы әйелдер мундиалінің топтық кезеңінде көзге түсті (1:0). 33 жастағы футболшы әлем біріншіліктеріндегі 17-ші голын салды. Осылайша, ол Германияның ерлер құрамасының форварды Мирослав Клозеден асып түсті (16). Да Силва бес әлем чемпионатына қатысқан.
Марта 2006 және 2010 жылдар аралығы ФИФА тұжырымы бойынша әлемдегі ең мықты футболшы әйел деп мойындалып, 2018 жылы да жүлде иеленді. Бразилия құрамасы сапында ол екі рет Олимпиаданың күміс жүлдегері болды және бір рет әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды.
Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Францияда өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы - АҚШ.
Показать комментарии
Читайте также