28 мамыр 2018 16:11

Бразилиялықтар 2018 жылғы ӘЧ-де жеңімпаз атанса миллион доллардан алады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Футболдан Бразилия құрамасының футболшылары Ресейде өтетін әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған жағдайда әр қайсысы миллион доллардан алады, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Folha de S.Paulo басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, осынша қаражатты команданың бас бапкері Тите мен оның көмекшілері де алады, ал делегацияның басқа мүшелері одан аз көлемде алады. 

2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионаты кезінде ел құрамасына 35 миллион доллар төленетін болып уәде етілген, алайда бразилиялықтар төртінші орын алып қалды. Бразилия құрамасын 2002 жылы чемпиондыққа алып келген Луис Фелипе Сколари небәрі 100 мың доллар алған. 

Бразилия футболшылары топтық кезеңде Швейцария, Коста-Рика және Сербиямен ойнайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети