Сурет ffk.kz сайтынан
Бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ойын Түркияда өтеді. Себебі Қазақстанның да, Литваның да ұлттық құрамалары Антальяда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Биыл Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысқан. Қазір құрама тізгіні Ресей маманы Юрий Красножанға сеніп тапсырылған. Бүгінгі ойыннан соң жаңа бапкердің ұлттық құрамамызбен қалай жұмыс жасап жатқанын бағамдай алатын боламыз. Қазақстан ұлттық құрамасы сапына кейбір ойыншыларымыз шақыртылмаған. Мысалы, құрама капитаны Қайрат Нұрдәулетов Түркиядағы жиынға шақыртылғандар тізімінде жоқ болды. Қазақстан футбол федерациясының таратқан деректеріне сенсек, жаңа бапкер мұны Қайраттың жарақатынан толық айықпағандығымен байланыстырыпты. Әрі Қайратқа ешқандай күмән келтірмейтіндігін, жолдастық кездесуде басқа ойыншыларды сынақтан өткізіп көргісі келетіндігін тілге тиек етіпті. Сондай-ақ Польша клубында өнер көрсетіп жүргеніне көп бола қоймаған Сергей Хижниченконы да әурелегісі келмегенін, оның жаңа клубына кірігіп кетуіне кедергі болмауды ойлағандарын айтыпты. Жарақаттанып қалған Анатолий Богдановқа да алдағы уақытта сенім артатындығын білдірген. Жанкүйерлердің көбісі құрама сапына Гейнрих Шмидтгальдың қайта оралғанына қуанышты. Гейнрих былтыр жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының намысын біраз уақыт қорғай алмағандығын, енді қайтадан ұлттық құрама сапына шақыртылғандығына қуанышты екенін мәлімдепті. Енді әліптің артын бағамыз. ФИФА рейтінгінде 103-орында тұрған Литва құрамасы тым осал команда емес. Әйтсе де, қыс бойы футболды сағынған жанкүйерлер футболшыларымыздан ерлік күтеді. Әрі жаңа бапкер алғашқы сыннан қалай өтеді екен деген алаңдаушылық та басым...
Бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл ойын Түркияда өтеді. Себебі Қазақстанның да, Литваның да ұлттық құрамалары Антальяда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Биыл Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысқан. Қазір құрама тізгіні Ресей маманы Юрий Красножанға сеніп тапсырылған. Бүгінгі ойыннан соң жаңа бапкердің ұлттық құрамамызбен қалай жұмыс жасап жатқанын бағамдай алатын боламыз.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапына кейбір ойыншыларымыз шақыртылмаған. Мысалы, құрама капитаны Қайрат Нұрдәулетов Түркиядағы жиынға шақыртылғандар тізімінде жоқ болды. Қазақстан футбол федерациясының таратқан деректеріне сенсек, жаңа бапкер мұны Қайраттың жарақатынан толық айықпағандығымен байланыстырыпты. Әрі Қайратқа ешқандай күмән келтірмейтіндігін, жолдастық кездесуде басқа ойыншыларды сынақтан өткізіп көргісі келетіндігін тілге тиек етіпті.
Сондай-ақ Польша клубында өнер көрсетіп жүргеніне көп бола қоймаған Сергей Хижниченконы да әурелегісі келмегенін, оның жаңа клубына кірігіп кетуіне кедергі болмауды ойлағандарын айтыпты. Жарақаттанып қалған Анатолий Богдановқа да алдағы уақытта сенім артатындығын білдірген.
Жанкүйерлердің көбісі құрама сапына Гейнрих Шмидтгальдың қайта оралғанына қуанышты. Гейнрих былтыр жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының намысын біраз уақыт қорғай алмағандығын, енді қайтадан ұлттық құрама сапына шақыртылғандығына қуанышты екенін мәлімдепті.
Енді әліптің артын бағамыз. ФИФА рейтінгінде 103-орында тұрған Литва құрамасы тым осал команда емес. Әйтсе де, қыс бойы футболды сағынған жанкүйерлер футболшыларымыздан ерлік күтеді. Әрі жаңа бапкер алғашқы сыннан қалай өтеді екен деген алаңдаушылық та басым...