Букмекерлер ӘЧ-2014-тің бастапқы матчында Франция мен Аргентинаның жеңісіне сенімді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Букмекерлер ӘЧ-2014-тің бастапқы матчында Франция мен Аргентинаның жеңісіне сенімді

Букмекерлердің пікірінше, Бразилиядағы әлем чемпионаты-2014-тің бастапқы матчында Франция мен Аргентина құрамасы алғашқы жеңістеріне қол жеткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Букмекерлердің пікірінше, Бразилиядағы әлем чемпионаты-2014-тің бастапқы матчында Франция мен Аргентина құрамасы алғашқы жеңістеріне қол жеткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Олимп" букмекерлік кеңсесінің мәліметіне қарағанда, жеңіске жету бойынша Франция құрамасының коэффициенті 1.34-ке тең, ал Гондурастікі - 11.73. Бұл кездесудің тең аяқталуы бойынша коэффициент - 5.1-ге тең. Әлем чемпионаты-2014-те Аргентина құрамасының алғашқы ойынында жеңіске жету коэффициенті - 1.38-ге тең болса, ал Босния мен Герцеговина құрамасының коэффициенті - 8.67-ге тең. Бұл ойынның тең аяқталу коэффициенті - 5.3-ке тең. Материалдың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, бүгін, 15 маусым күні Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында төртінші ойын күнінің жарыстары өтеді. Астана уақытымен 22:00-де Швецария мен Эквадор бақ сынайды. Бұл жарысты "Қазақстан" мен KazSport арналары тікелей эфирден көрсететін болады. Ал түнгі 01:00-дегі Франция мен Гондурас арасындағы жарысты "Евразия бірінші арнасынан" тамашалай аласыздар. Түнгі 04:00-де Аргентина мен Босния және Герцеговина арасындағы дода көрсетіледі. Әлем чемпионаты-2014-ті "Қазақстан" мен KazSport арналары тікелей эфирде көрсететін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети