Бұл менің мансап жолымдағы адам сенгісіз сәттердің бірі - Роналду

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл менің мансап жолымдағы адам сенгісіз сәттердің бірі - Роналду Криштиану Роналду. © Александр Мысякин

Футболдан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Евро-2016 финалында Франция командасын жеңуі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Евро-2016 финалында Франция командасын жеңуі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен бақыттымын! Бұл туралы сонша көп ойладым - 2004 жылдан бері. Португалия халқы бұған лайық, біздің спортшылар лайық. Өкінішке қарай, менің жолым болмады, алайда мен бұл ойыншыларға әрқашан сенгенмін. Ол өз ісінің шебері, қолдарынан келмейтіні жоқ. Бұл менің мансап жолымдағы адам сенгісіз сәттердің бірі. Мен құрама сапында жеңіске жеткім келетінін, тарихты қайта жазу туралы әрдайым айтып келдім. Командаластарыма, бапкеріме және барлық көмекшілеріме, команданың барлық мүшесіне алғыс айтқым келеді. Португалия халқы бізге қошемет көрсетіп жатыр. Бұл ерекше оқиға, мұндайды ұмытуға болмайды", - деді Роналду.

Айта кетейік, Роналду бірінші таймның ортасында жарақат алған еді. Осыдан кейін ол көз жасына ерік беріп, алаңнан шығуға мәжбүр болды.

Франция - Португалия матчының негізгі уақыты тең аяқталған болатын. Ал бірінші қосымша таймда командалар қауіпті сәттер жасай бастады. Ал екінші қосымша таймда португалдар Францияны тақырға отырғызды. 109-шы минутта Рафаэл Геррейру айып алаңынан допты қақпа бағанасына тигізсе, ал бір минут өткеннен кейін алаңға жаңа шыққан Эдердің тамаша соққысынан француздар өз қақпасын құтқарып қала алмады. Сөйтіп, есеп 1:0 болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети