14 қаңтар 2020 11:17

Чехиялық маман "Астананы" басқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михал Билек. © fcastana.kz Михал Билек. © fcastana.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері чехиялық Михаил Билек "Астана" клубының бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы елордалық клубтың сайтына сілтеме жасап. 


Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері чехиялық Михаил Билек "Астана" клубының бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы елордалық клубтың сайтына сілтеме жасап. 

Михал Билек 13 қаңтарда клубпен келісімшартты үзген Романа Григорчуктың орнына келді. Григорчук 2018 жылы маусым-тамыз аралығында және 2019 жылы толық маусымды атқарып шықты. "Астана" клубы Григорчуктың басшылығымен өткен маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті және алтыншы рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. 

2019 жылы қаңтарда Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған 54 жастағы Билектің басшылығымен құрама он ұпай алып, Еуро-2020 іріктеу кезеңінде соңғы орындардың бірін алды. 

Қазақстанға келгенге дейін, Билек бірнеше клубтарда істеген, Чехия құрамасын және грузиялық "Динамо" клубын басқарған. Сондай-ақ, оның басшылығымен прагалық "Спарта" 2007 жылы алтын дубль жасады, ал 2003 жылы Чехия жасөспірімдер құрамасы (19 жасқа дейін) Еурода үшінші орын алды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети