23 қаңтар 2017 | 10:00

"Челси" қорғаушысы "Халл Сити" футболшысының бассүйегін сындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Mirror © Mirror

"Халл Сити" жартылай қорғаушысы Райан Мэйсон Англия чемпионатының 22-ші турындағы "Челсимен" (0:2) өткізген матчта бассүйек жарақатын алды.


Иконка комментария блок соц сети

"Халл Сити" жартылай қорғаушысы Райан Мэйсон Англия чемпионатының 22-ші турындағы "Челсимен" (0:2) өткізген матчта бассүйек жарақатын алды.

Кездесудің 12-ші минутында Мэйсон қарсылас команданың қорғаушысы Гари Кэхиллмен әуедегі допқа таласқан, секірген екі футболшының бастары тиіп, құлап қалды. "Челси" ойыншысы тез есін жинап алса, "Хал Сити" хавбекіне дәрігерлер бес минуттан аса көмек көрсетті. Дәрігерлер Мэйсонға оттегі маскасын кигізіп, ауруханаға алып кеткен. Оның орнына Дэвид Мейлер шықты.

Мэйсон стадионынан ауруханаға шұғыл жеткізілген оған ота жасалыпты. The Mirror мәліметінше, оның бассүйегі сынған, сондай-ақ, миына қан кеткен.

"Қазіргі уақытта Мэйсонның жағдайы бірқалыпты. Таяудағы бірнеше күнде ол ауруханада болады. Клубтағылар Райанға өз уақытында көрсетілген жәрдем үшін Сент-Мэри ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне алғыс айтамды", - делінген "Халл Сити" ресми сайтында.

"Пас берілгеннен кейін мен допқа жеткім келді, сөйтіп, баспен соғысып қалдық. Мэйсонға жақсылық тілеймін", - деп келтіреді Кэхиллдің сөзін Sky Sports.

"Челси" клубындағылар Мэйсонға амандық тілейді. Бұл Гаримен жаман соқтығысу болды. Ойыншы тез арада өз қалпына келіп, алаңға оралады деп үміттенеміз", - деді лондондықтардың бас бапкері Антонио Конте.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети