Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы қалай өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы қалай өтетіні белгілі болды © cgtrader.com

Чемпиондар лигасының биылғы маусымы Лиссабонда "Сегіздің финалы" форматында өтеді, - деп хабарлайды РИА Новости италиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондар лигасының биылғы маусымы Лиссабонда "Сегіздің финалы" форматында өтеді, - деп хабарлайды РИА Новости италиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Еуропа лигасы да осындай формат бойынша Германияда аяқталады. Ал Еуропаның Суперкубогы матчы Будапешт қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы Еуропа лигасы "Сегіздің финалы" форматы бойынша Испанияда ұйымдастырылады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Ювентус" - "Лион" және "Барселона" - "Наполи" қарымта матчтары Турин мен Барселонада өтеді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымдағы финалы Ыстамбұл қаласында өтетіні белгілі болған. Алайда БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, финал басқа қалада өтетін болды.

Бейсенбі күні УЕФА 17 маусымда атқарушы комитеттің отырысында финалдың өтетін күні мен орны туралы шешім қабылдайтыны туралы мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети