Дәрігер Марадонаның жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер Марадонаның жағдайы туралы айтты Фото ©REUTERS

1986 жылғы футболдан әлем чемпионы Диего Марадона отадан кейін ауруханада бірнеше күн жататыны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1986 жылғы футболдан әлем чемпионы Диего Марадона отадан кейін ауруханада бірнеше күн жататыны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дүйсенбі 60 жастағы Марадона Ла-Платадағы (Аргентина) ауруханалардың біріне денсаулығын тексеру үшін жеткізілді. Кейін Марадонаға субдуралдық қанды ісік бар деген диагнозбен ота жасалғаны хабарланды. Сәрсенбіде экс-футболшының жеке дәрігері Леопольдо Луке отадан кейін ешқандай асқыну болмағанын айтты.

Лукенің айтуынша, дәрігерлер Марадонаға кері тарту синдромын (ағзаның дәріні қабылдамауы) қойған және ол енді тағы бірнеше күн емделеді. Дәрігер мұндай симптомдардың немен байланысты екенін айтпады, бірақ Марадона бұған дейін алкоголь мен есірткіге тәуелді болған. Ол бұл диагнозымен келіскен және ауруханада қалады.

"Диегоның жағдайы жақсы. Компьютерлік томография сәтті өтті. Біз тіпті биледік", - деді Луке. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети