17 сәуір 2017 22:22

Давид Вильяның соққан голы Желіде хитке айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com/Major League Soccer © youtube.com/Major League Soccer

Испания құрамасының тарихында ең үздік сұрмерген атанған Давид Вилья америкалық MLS лигасында әдемі гол соқты. Қазіргі уақытта ол "Нью-Йорк Сити" клубының сапында өнер көрсетіп жүр. YouTube желісінде жарияланған видеоны қолданушылар милион рет тамашалаған. 

Барлығы ойынның соңында болды. Вилья "Филадельфии Юнион" командасының қақпашысы алаңның ортасына шығып кеткенін көріп, қақпадан 50 метр жерден соққы жасады. Кездесу 2:0 есебімен "Нью-Йорк Сити" пайдасына шешілді. 

Давид Вильямен бірге бір клубта ойнайтын Андреа Пирло испаниялықтың соққан голын өзінің спорт мансабында және нью-йорктік клубтың тарихындағы ең әдемі гол болғанын жеткізді. 

Вилья 2014 жылдың 2 маусымынан бастап "Нью-Йорк Сити" клубының сапында өнер көрсетіп келеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети