Диего Марадона Ресей азаматтығын алуды ойлап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диего Марадона Ресей азаматтығын алуды ойлап жүр © 24СМИ

Атақты аргентиналық футболшы Диего Армандо Марадона Ресей азаматтығын алуды ойлап жүр. Ол осы ойын Ресейде өткен Конфедерация кубогы кезінде айтты, - деп хабарлайды Вести.ru. Экс-футболшы Ресейге барған кездегі өзіне көрсетілген құрметке тәнті болған. 

Диего Марадона Конфедерация кубогы-2017 финалы кезінде "Ресей футболды жақсы көреді" қозғалысы аясында келген. Атақты спортшы Мәскеуде және Санкт-Петербургте болды. 

Санкт-Петербургте Марадона Конфедерация кубогының финалдық ойынына қатысты. Сол кездесуде Германия құрамасы Чили футболшыларын 1:0 есебімен жеңген болатын. Өз жанкүйерлермен өткен кездесуде Марадона боксшы Рой Джонс пен Джефф Монсонды мысалға ала отырып, Ресей азаматтығын алғысы келетінін жеткізді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети