25 наурыз 2014 | 19:02

Екінші турдағы алты ойында төрт гол ғана соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет pfl.kz сайтынан Сурет pfl.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ХХІІІ ел чемпионатының екінші туры өтті. Ондағы алты ойынның ешқайсысында да алаң иелері жеңіске жете алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Екінші турдағы алты ойынның төртеуі тең аяқталды. Әрі оның үшеуінде есеп ашылған жоқ. Екі ойында қонақтар жеңіске жетті. Алты ойында бар болғаны төрт-ақ гол соғылды. Негізі, бұл турдағы "Жетісу" – "Қайрат" клубтары арасындағы ойын Талдықорғанда өтуі керек болатын. Бірақ "Жетісу" Алматы клубын өз алаңында қабылдай алмады. Сондықтан "Қайратпен" келісіп, бұл ойынды Алматыда өткізді. Бірақ іс жүзінде екі команда Алматыда ойнағанымен, қағаз жүзінде алаң иелері "Жетісу" болып саналды. Бұл кездесуде 1:0 есебімен Талдықорған клубы жеңіске жетті. Ал екінші турдың орталық кездесуі саналған "Шахтер" мен "Ақтөбе" арасындағы матч тең аяқталды. "Астана" Шымкентте әлі бас бапкер таба алмай жүрген "Ордабасы" клубын тақырға отырғызып кетті. Бірақ "Астананың" өзі де әлі бас бапкерсіз... Қалған үш кездесуде бірде-бір гол соғылмай, 0:0 есебімен аяқтады. Алғашқы екі турдан кейін жеті команда (Ақтөбе, Тобыл, Астана, Атырау, Ертіс, Жетісу, Қайсар) төрт ұпаймен 1-7-орындарды бөлісіп тұр. Ал Спартак, Шахтер, Тараз үшеуі жалқы ұпаймен 8-10-орындарға орналасқан. Екі турда да жеңілістің кермек дәмін татқан, қоржындарында соқыр ұпай да жоқ Қайрат пен Ордабасы – көш соңында. Премьер-лига. ІІ тур. 22 наурыз "Шахтёр" (Қарағанды) – "Ақтөбе" – 1:1 Голдар: Логвиненко, 45 (0:1). Жаңғылышбай, 65 (1:1). 85-минутта Хайруллин ("А") алаңнан қуылды. "Жетісу" (Талдықорған) – "Қайрат" (Алматы) – 1:0 Гол: Шафф, 20. "Ордабасы" (Шымкент) – "Астана" – 0:1 Гол: Сисеро, 82. "Атырау" – "Тобол" (Қостанай) – 0:0 "Спартак" (Семей) – "Ертіс" (Павлодар) – 0:0 "Қайсар" (Қызылорда) – "Тараз" – 0:0

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети