Эль-класико: "Реал" "Барселонаны" жеңіп, көш басына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эль-класико: "Реал" "Барселонаны" жеңіп, көш басына шықты Винисиус Жуниор. © Reuters

Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 25-турында "Барселонаны" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 25-турында "Барселонаны" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Эль-Класико Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. 

"Реал" матчтің 71-минутында алға шықты. 19 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Винисиус Жуниор мадридтіктердің матчтегі алғашқы голын соқты. Ал екінші голды 92-минутта форвард Марино Диас салды, ол алаңға бір минут бұрын шыққан еді. Бұл Диастың осы маусымдағы алғашқы матчі болатын. 

Осылайша, 56 ұпай жинаған "Реал" Ла Лигада бірінші орынға шықты. Ал екінші орынға түскен "Барселонада" 55 ұпай бар. Келесі турда каталониялықтар 7 наурызда "Реал Сосьедадты" қабылдайды. Ал мадридтіктер 9 наурызға қараған түні "Бетиске" қонаққа барады. 

Бұл осы маусымдағы екінші эль-класико болатын. Желтоқсанда "Барселона" мен "Реал" 17 жылда алғаш рет 0:0 есебімен тең түскен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети