12 қазан 2014 | 16:56

Еуро-2016: Чехия құрамасы Астанада күзгі қарасуыққа тап болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото nv.fotbal.cz сайтынан Фото nv.fotbal.cz сайтынан

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында Қазақстан ұлттық құрамасымен кездесетін Чехия футболшылары Астанаға ұшып келіп, алғашқы жаттығуларын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында Қазақстан ұлттық құрамасымен кездесетін Чехия футболшылары Астанаға ұшып келіп, алғашқы жаттығуларын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Чехия басылымдары таратқан ақпараттарға сенсек, Чехия құрамасы Астанаға Стамбулдан сенбі күні ұшып келіпті. Бес сағатқа жуық ұшқан. Сөздерінің дәмі татиды. Себебі Чехия құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионаты електік додасының екінші турын Стамбулда өткізген. Түзде Түркия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, қуанышқа кенелген.

Дәл қазір Чехия құрамасы алғашқы екі ойында да жеңіске жетіп, алты ұпаймен "А" тобында көш бастап тұр. Прагада Нидерланды құрамасын, ал Стамбулда Түркия тарландарын 2:1 есептерімен ұтулары – ерен жетістік. Алғашқы екі ойыннан алты ұпай еншілеп, көпшілікті таңдандырған Чехия футболшылары Астанадан да үш ұпай олжалап кетуді көксейді. 

Бірақ оларды Астанада Сарыарқаның жауын-шашынды күзгі қарасуығы "қарсы алып", сүйектен өтер суық желі біраз тоңдырып, бүксеңдеткенге ұқсайды. Стамбулдағы жанға жайлы жылы ауа райында жеңіске жетіп, жүздері жадырап келген Чехия футболшылары Астанада осылай тітіркеніп қалғандай. Әйтсе де, елордада алғашқы жаттығуларын өткізіпті.

Ал біз қызықтың бәрі алда деп білеміз. "Астана-Арена" стадионының төбесі жабық болғанымен, табаны – жасанды желек. Чехия футболшыларына жаймашуақ Түркиядағыдай бәрі де жайлы бола қоймас. Ұлттық құрамамыз Сарыарқаның күзгі қарасуығындай "қарып" жіберер деп үміттенеміз...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети