Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Еуро-2016 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Исландиямен тең ойнады

07 Қыркүйек 2015, 07:24
1
© Vesti.kz
© Vesti.kz

Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Исландиямен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Рейкьявикте өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Матчта Қазақстан құрамасының футболшылары қарқындырақ бастады. 18-ші минутта Юрий Красножанның шәкірттерінің есеп ашуға жақсы мүмкіндігі болды. Ұлан Қонысбаевтың жылдам жасаған жылдам шабуылынан кейін доп Таңат Нөсербаевқа жетті, алайда оның соққысы әлсіз болып қалды.

Бұдан кейін исландиялықтар басымдыққа ие болып, бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар жасады. 34-ші минутта Гилфи Сигурдссон күшті соққы жасады. Абырой болғанда Қазақстан қақпашысы өз орнынан табылды. 

Екінші таймның басында Александр Меркель Қазақстан құрамасының құрамында тұңғыш рет ойнауға шықты. Ол алаңға Бауыржан Жолшиевтің орнына шықты. Алайда екі команданың да ойыншылары көзге түсе алмады. 

Нәтижесінде Исландия құрамасы Чехиядан кейін Еуропа чемпионатының Францияда өтетін финалдық кезеңіне жолдама алды. 

19 ұпайы бар исландықар А тобындағы көшбасшылықты қайтарып алды. Ал Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі екінші ұпайын алды. Командалардың турнир кестесімен мына жерде танысуға болады. 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Чехияға 1:2 есебімен есе жіберген болатын. Милан Шкода дубль авторы атанды. Ал қазақстандықтардың ішінде Юрий Логвиненко көзге түсті. Келесі кездесуін Қазақстан құрамасы 10 қазанда Нидерландыға қарсы өткізеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай