EURO-2020: Англия мен Украина ширек финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

EURO-2020: Англия мен Украина ширек финалға шықты Фото: twitter.com/EURO2020

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға жолдама алған соңғы екі құрама белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға жолдама алған соңғы екі құрама белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы "Уэмбли" стадионында Англия мен Германия құрамалары кездесті. Бірінші таймда есеп ашылмады. 75-минутта Рахим Стерлинг ағылшындарды алға шығарды. 

Ал 85-минутта Харри Кейн Англияның екінші голын салды. Осылайша, ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті. 


Фото: Reuters©

Ал ширек финалға соңғы жолдаманы Швеция мен Украина сарапқа салды. Ойын украиналықтар пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 

27-минутта Александр Зинченко шведтер қақпасына гол соқты. Үзіліске дейін швециялық жартылай қорғаушы Эмиль Форсберг есепті теңестірді. 

Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды. 


Фото: Reuters©

Ойынның 99-минутында Маркус Даниэльссон қызыл қағаз алып, шведтер он ойыншымен қалды. Ал 121-минутта Артем Довбик гол соғып, Украина құрамасына жеңіс сыйлады.

Енді ширек финалда Англия мен Украина құрамалары кездеседі. Бұл кезеңдегі басқа жұптар: Бельгия - Италия, Дания - Чехия және Швейцария - Испания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети