12 маусым 2021 17:21

Еуро-2020: бүгін кім ойнайды және матчтерді қайдан көруге болады?

12 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің тағы үш матчі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің тағы үш матчі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін Уэльс - Швейцария (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.00), Дания - Финляндия (22.00) және Бельгия - Ресей (01.00) командалары ойнайды. Алғашқы екі ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да болады. Үшінші матчті Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

1/8 финалына әр топтан екі мықты команда және үшінші орынның төрт үздік иегері шығады.

Реклама
Реклама

Финалдық турнир 60 жылдық тарихында тұңғыш рет бүкіл құрлықта болады. Матчтер 11 қалада өтеді: Амстердам (Нидерланды), Баку (Әзербайжан), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген (Дания), Глазго (Шотландия), Лондон (Ұлыбритания), Мюнхен (Германия), Рим (Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Севилья (Испания).

Футболдан Еуропа чемпионаты 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты осы жылға кейінге қалдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram