1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

Еуро-2020: бүгін кім ойнайды және матчтерді қайдан көруге болады? 12 маусым 2021, 17:21

12 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің тағы үш матчі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

12 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің тағы үш матчі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін Уэльс - Швейцария (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.00), Дания - Финляндия (22.00) және Бельгия - Ресей (01.00) командалары ойнайды. Алғашқы екі ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да болады. Үшінші матчті Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

1/8 финалына әр топтан екі мықты команда және үшінші орынның төрт үздік иегері шығады.

Финалдық турнир 60 жылдық тарихында тұңғыш рет бүкіл құрлықта болады. Матчтер 11 қалада өтеді: Амстердам (Нидерланды), Баку (Әзербайжан), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген (Дания), Глазго (Шотландия), Лондон (Ұлыбритания), Мюнхен (Германия), Рим (Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Севилья (Испания).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Футболдан Еуропа чемпионаты 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты осы жылға кейінге қалдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!