EURO-2020: Испания 17 соққы жасап, гол соға алмады

Фото: twitter/UEFA EURO 2020

14 маусымда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Словакия құрамасы Польшаны жеңсе, Испания мен Швеция тең тарқасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 маусымда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Словакия құрамасы Польшаны жеңсе, Испания мен Швеция тең тарқасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Е тобында Словакия құрамасы Польшадан 2:1 есебімен басым түсті. Кездесу Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтті.

Есеп 18-минутта ашылды, "Ювентус" пен Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсный допты өз қақпасына соғып алды.

Реклама
Реклама

Екінші таймның басында польшалық жартылай қорғаушы Кароль Линетти таразы басын теңестірген. Бірақ 62-минутта поляк Гжегож Крыховяк қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Словакия он ойыншымен қалған қарсыласына шешуші гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. Қорғаушы Милан Шкриньяр 69-минутта көзге түсті. Есеп - 2:1, Словакия турнирді жеңіспен бастады. 

Ал Севильяда Испания мен Швеция құрамалары кездесті. Бұл ойын 0:0 есебімен аяқталды. 

Испаниялықтар шведтер қақпасына 17 соққы жасағанымен, есеп аша алмады. Швеция футболшыларының да гол соғатын мүмкіндік болды. 

Е тобында бірінші турдан кейін Словакия көш бастап тұр. Швеция екінші, Испания үшінші орында келеді. Польша құрамасы - төртінші орында. 

Енді 18 маусымда Швеция мен Словакия кездеседі. Ал Испания мен Польша матчі 19 маусымда өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама