1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

EURO-2020: Испания 17 соққы жасап, гол соға алмады 15 маусым 2021, 09:15

14 маусымда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Словакия құрамасы Польшаны жеңсе, Испания мен Швеция тең тарқасты,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: twitter/UEFA EURO 2020 Фото: twitter/UEFA EURO 2020

14 маусымда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Словакия құрамасы Польшаны жеңсе, Испания мен Швеция тең тарқасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Е тобында Словакия құрамасы Польшадан 2:1 есебімен басым түсті. Кездесу Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтті.

Есеп 18-минутта ашылды, "Ювентус" пен Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсный допты өз қақпасына соғып алды.

Екінші таймның басында польшалық жартылай қорғаушы Кароль Линетти таразы басын теңестірген. Бірақ 62-минутта поляк Гжегож Крыховяк қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Словакия он ойыншымен қалған қарсыласына шешуші гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. Қорғаушы Милан Шкриньяр 69-минутта көзге түсті. Есеп - 2:1, Словакия турнирді жеңіспен бастады. 

Ал Севильяда Испания мен Швеция құрамалары кездесті. Бұл ойын 0:0 есебімен аяқталды. 

Испаниялықтар шведтер қақпасына 17 соққы жасағанымен, есеп аша алмады. Швеция футболшыларының да гол соғатын мүмкіндік болды. 

Е тобында бірінші турдан кейін Словакия көш бастап тұр. Швеция екінші, Испания үшінші орында келеді. Польша құрамасы - төртінші орында. 

Енді 18 маусымда Швеция мен Словакия кездеседі. Ал Испания мен Польша матчі 19 маусымда өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!