Футболдан Еуропа чемпионатының F тобындағы ойындар өтті. Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Венгрияны ірі есеппен жеңсе, француздар Германиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Футболдан Еуропа чемпионатының F тобындағы ойындар өтті. Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Венгрияны ірі есеппен жеңсе, француздар Германиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еуропаның қазіргі чемпионы Португалия бұл турнирді жеңіспен бастады. Команда Венгрия құрамасымен кездескен. Матч Будапешттегі "Пушкаш Аренада" өтті, ойынды тамашалау үшін стадионға 68 мың жанкүйер жиналды.
Ойын есебі матч соңына дейін ашылмады. 84-минутта Рафаэл Геррейро португалиялықтарды алға шығарды. Үш минуттан соң Роналду пенальтиден гол соқты. Көп ұзамай, Португалия капитаны тағы бір гол салып, матч нүктесін қойды - 3:0.
Криштиану Роналду бұл ойында екі бірдей тарихи рекорд орнатты. Форвард бес бірдей Еуропа чемпионатына қатысқан алғашқы футболшы атанды. Ол 19 жасында EURO-2004 турниріне қатысқан. Содан кейін 2008, 2012 және 2016 жылдары құрлықтық жарыста бақ сынаған.
Сонымен қатар, Роналду бұл ойында екі гол соғу арқылы Еуропа чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Бұған дейін француз Мишель Платини 9 голмен көш бастап тұрған. Ал Роналдудың еншісінде енді 11 гол бар.
F тобының екінші матчінде әлем чемпионы Франция құрамасы Мюнхендегі "Альянц-Аренада" Германияны жеңді.
©️ Reuters
Бұл матч тағдырын бір ғана гол шешті. Оны 20-минутта Германия қорғаушысы Матс Хуммельс соқты, бірақ өз қақпасына. Екінші таймда француздар сапынан Килиан Мбаппе мен Карим Бензема гол соққан, бірақ төреші оларды есепке алмады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!