EURO-2020: Швеция - Словакия матчінің тағдырын бір пенальти шешті

Фото: twitter.com/EURO2020

Швеция құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-турында Словакияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Швеция құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-турында Словакияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын Санкт-Петербургтегі "Газпром Аренада" өтті. Матчтің бірінші таймында гол соғылған жоқ. 

Тек үзілістен кейін швециялықтар гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. 77-минутта Эмиль Форсберг пенальтиде көзге түсті - 1:0. 

Реклама
Реклама

Швеция құрамасы Е тобында 4 ұпаймен көш бастап тұр. Словакия үш ұпаймен екінші орында келеді. Бұл топтағы Испания - Польша матчі ертең түнгі 01:00-де өтеді.

Үшінші турда Швеция мен Польша кездеседі, ал Словакия Испаниямен күш сынасады. Ойындар 23 маусымда өтеді.    

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама