EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты Фото: twitter.com/EURO2020

Бельгия мен Нидерланды құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бельгия мен Нидерланды құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Топтық кезеңнің екінші турында Бельгия Дания футболшыларымен кездескен. Ойын Копенгагенде өтті. Даниялықтар жанкүйерлері алдында ойынды белсенді бастап, 2-минутта есеп ашты - Юссуф Поульсен бельгиялықтардың қателігін сәтті пайдаланды. 

Бірақ үзілістен кейін Бельгия сапында Кевин Де Брюйне мен Эден Азар алаңға шыққан. 55-минутта Де Брюйненің пасынан кейін Торган Азар таразы басын теңестірді. Ал 70-минутта Эден Азар дәл пас беріп, Де Брюйне жеңіс голын соқты.


Фото: Reuters©️

2:1 есебімен жеңген Бельгия құрамасы В тобында алты ұпаймен плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Данияның еншісінде ұпай жоқ, соңғы орында тұр.  

Амстердамда Нидерланды құрамасы Австрияны 2:0 есебімен жеңді. 11-минутта Мемфис Депай пенальтиден гол соқты. 

Екінші таймның ортасында Дензел Дюмфрис есепті еселеді. А тобында Нидерланды құрамасы алты ұпаймен бірінші орында тұр, бұл команда да плэй-офф кезеңі шықты. Үш ұпайы бар Австрия үшінші орында келеді.


Фото: twitter.com/EURO2020 

Үшінші турда 21 маусымда Солтүстік Македония - Нидерланды, Украина - Австрия матчтері өтеді. Дәл осы күні Финляндия мен Бельгия, Ресей мен Дания күш сынасады.

Еске салайық, бұған дейін Италия құрамасы Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңіне шыққан болатын.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети