Украина құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Солтүстік Македонияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украина құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Солтүстік Македонияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бухарестте өткен ойында украиналықтар 2:1 есебімен басым түсті. 29-минутта Александр Ярмоленко есеп ашты. Бес минуттан соң Роман Яремчук қақпашымен бірге-бір шығып, жақын бұрышты дәл соққы жасады.
Фото: twitter.com/EURO2020
Ал үзілістен кейін македониялықтар есеп айырмасын қысқарта алды. 57-минутта Украина қақпасына пенальти белгіленген - нүктеге Эгзиян Алиоски келді. Оның соққысын Георгий Бущан қайтарғанымен, доп Алиоскиге қайта келді. Македониялық футболшы бос қақпаны дәл көздеді.
Матч соңына қарай украиналықтар есепті еселейтін мүмкіндікке ие болған. Бірақ Руслан Малиновский пенальтиден гол соға алмады.
С тобының бұл матчінен кейін Украина үш ұпаймен үшінші орында тұр. Солтүстік Македония екі ойында да жеңіліп, соңғы орында келеді. Енді бұл топтағы Нидерланды - Австрия кездесуі бүгін түнгі 01:00-де басталады.
Үшінші турда Украина 21 маусымда Австриямен кездеседі. Ал Солтүстік Македония құрамасы Нидерландымен күш сынасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!