EURO-2020: Үш матчте екі гол соққан Англия топта бірінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

EURO-2020: Үш матчте екі гол соққан Англия топта бірінші орын алды Фото: twitter.com/EURO2020

22 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының үшінші турындағы кезекті матчтер өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының үшінші турындағы кезекті матчтер өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

D тобындағы ойында Хорватия мен Шотландия кездесті. Ойын Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өтті. Хорваттар қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Хорватия сапында Никола Влашич (17-минут), Лука Модрич (62) пен Иван Перишич (77) гол соқты. Ал шотландиялықтардың жалғыз голын Каллум Макгрегор (42-минутта) салды. 

Модричтің голы әдемі болды. Жартылай қорғаушы айып алаңына енер тұста қақпа бұрышын дәл көздеді. 

Лондонда D тобының екінші матчі өтті. Англия құрамасының футболшылары Чехияны 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз допты 12-минутта Рахим Стерлинг соқты. 

3 матчта 2 гол ғана соққан Англия құрамасы 7 ұпай жинап, топтан бірінші орынмен шықты. 4 ұпай еншілеген Хорватия екінші орын алды. Дәл осынша ұпайы бар Чехия үшінші орында. Бұл екі құрама да плэй-офф кезеңіне шықты. Шотландия бір ғана ұпаймен топта соңғы орын алды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети