20 шілде 2014 | 14:26

Еурокубок додаларында ең көп ұпай жинаған – Қазақстан клубтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fca.kz сайтынан Фото fca.kz сайтынан

Футболдан УЕФА-ның биылғы Еурокубок додаларында әзірше ең көп ұпай жинаған – Қазақстан клубтары, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан УЕФА-ның биылғы Еурокубок додаларында әзірше ең көп ұпай жинаған – Қазақстан клубтары, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан клубтары, атап айтқанда, "Шахтер", "Астана", "Қайрат" және "Ақтөбе" биылғы Еурокубок додаларында әлі жеңілген жоқ. Әзірше 10 ойын өткізіп, жеті матчта жеңіске жетіп, үшеуінде тең түсті. Бұл – 17 ұпай.

Еурокубок додаларында жеңіске екі ұпай, ал тең ойынға бір ұпай беріледі. Бірақ електік кезеңдегі ұпайлар екіге бөлінеді. Яғни Қазақстан клубтарының 17 ұпайы қақ бөлінеді. Сонда, дәл қазір қоржынымызда 8,5 ұпай бар.

Бұдан әрі УЕФА коэффициенттері кестесінде Қазақстан клубтарының орта көрсеткішті табу үшін әлгі ұпайларымыз төртке бөлінеді. Себебі биыл біздің елдің намысын Еурокубок додаларында төрт команда қорғайды. Сонда дәл қазір УЕФА коэффициенттері кестесіндегі көрсеткішіміз – 2,125 (8,5 : 4).

Бұл кестеде Қазақстан әзірше 33-орында тұр. Былтыр "Шахтер" мен "Ақтөбе" біразға дейін шапқан. "Ертіс" те намысты қолдан бермеуге тырысқан.

Биылғы төрт клубымыз Еурокубок додаларын өте жоғары деңгейде бастап, жоғарыда жазғанымыздай, әзірше жеңіліссіз келеді. Ұпай еншілеу жағынан да алдамыз.

Әзірше Қазақстан 8,5 (17) ұпай олжаласа, Норвегия сегіз (16), Ирландия жеті (14) ұпай жинапты. Бірақ Испания, Англия, Германия, Италия, Франция, Португалия сияқты елдердің клубтары Еурододаға әлі қосылған жоқ. Нидерланды, Ресей, Украина, Бельгия және тағы басқа клубтары азулы мемлекеттер енді ғана қосылды.

Десек те, Қазақстан клубтарының биылғы Еурокубоктар маусымын өте жоғары қарқында бастағандары қуантады. УЕФА коэффициенттері кестесінде биыл 20-25 орындарға дейін көтерілсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети