Еуропа лигасы: "Астана" "Партизаннан" жеңіліп, топта соңғы орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропа лигасы: "Астана" "Партизаннан" жеңіліп, топта соңғы орын алды © Reuters

"Астана" футболшылары сербиялық "Партизаннан" жеңіліп, Еуропа лигасының L тобында соңғы орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" футболшылары сербиялық "Партизаннан" жеңіліп, Еуропа лигасының L тобында соңғы орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Матчтың есебі төртінші минутта ашылды - гвинеялық жартылай қорғаушы Сейдуба Сума "Партизанды" алға шығарды. Бірінші таймның ортасында сербиялық клуб тағы екі гол соқты: 22-минутта нигериялық форвард Умар Садик есепті еселесе, 26-минутта жапониялық шабуылшы Такума Асано "Астана" қақпашысы Ненад Эричті  допты өз қақпасынан үшінші рет алып шығуға мәжбүрледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz (@vestikzsport)

Екінші таймда жанкүйерлер екі гол көре алды. 76-минутта Садик дубль жасаған, үш минуттан соң "Астана" румыниялық хавбек Дорин Ротариудің әдемі голымен есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп - 4:1, сербиялық клуб сенімді жеңіске жетті. 

Бұл топтың екінші матчында англиялық "Манчестер Юнайтед" голландиялық "АЗ Алкмарды" 4:0 есебімен тас-талқан етті. "МЮ" 13 ұпаймен топта бірінші орын алды, тоғыз ұпайы бар АЗ да плэй-офф кезеңіне шықты. "Партизанда" 8, "Астанада" үш ұпай бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети