17 шілде 2014 22:49

Еуропа лигасы: "Астана" "Хапоэльді" қапы қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.kz сайтынан Фото vesti.kz сайтынан

"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы ойынын да жеңіспен бастап, өз алаңында "Хапоэль" клубын 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы ойынын да жеңіспен бастап, өз алаңында "Хапоэль" клубын 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Негізі, "Хапоэль" оңай шағылатын қарсылас емес еді. Алайда Тель-Авив клубы "Астананың" алғашқы қарқынына төтеп бере алмады. Таңат Нөсербаев алғы шепте емін-еркін ойқастағанда, олар ойын ережесін бұзуға мәжбүр болды.

Ресейлік төреші Сергей Иванов та батыл екен, "Хапоэль" ойыншысын ойын басында-ақ қызыл қағаз көрсетіп жазалап, алаңнан қуды.

Пенальтиді Каньяс мүлтіксіз орындады. Есеп – 1:0. Бәлкім, осы сәт қонақтарымызға әсер етіп, аптықтарын басқан да болар. Әйтеуір "Астана" Израиль клубын қиналмай, оңай ұтты.

Екінші таймда Таңат Нөсербаевтың шірене тартқан соққысы керемет әдемі болды. Ол теңбілді допты қақпа ішіне тоғытып, "Астана-Арена" стадионына жиналған көрермендерді қуанышқа бөледі.

Таңаттың бұдан кейін тағы да гол соғатын тамаша мүмкіндігі болды. Бірақ қас-қағым сәтте допты қақпаға енгізе алмай, мүлт кетті.

Есесіне, көп ұзамай Абзал Бейсебеков тағы да бір әдемі гол соқты. Есеп – 3:0. Осыдан кейін қонақтардың есепті қысқартатын бір-екі мүмкіндіктері болды. Бірақ қақпашы Эрич пен қорғаушыларымыз олардың ойланып-толғануларына ерік бере қойған жоқ.

Қарымта матч 24 шілде күні, Израильдегі саяси жағдайға байланысты, Кипрде өтуі керек. Ойын қайда өтсе де, "Астана" енді үш гол айырмасын уысынан шығара қоймас деп сенеміз.

"Астана" (Қазақстан) – "Хапоэль" (Израиль, Тель-Авив) – 3:0

Голдар: Каньяс, 16-пенальтиден. Нөсербаев, 58. Бейсебеков, 69.
Ескертулер: Жуков, 30. Бейсебеков, 48 – Загури, 77.
Алаңнан қуылды: Огани, 15.

"Астана": Эрич, Ахметов, Дмитренко, Бейсебеков, Постников, Кетевоама (Мұжықов, 85), Нөсербаев (Курдов, 79), Жуков, Эссаме, Каньяс, Жолшиев (Кояшевич, 90)

"Хапоэль": Амос, Коэн (Чеколль, 70), Колин, Огани, Загури, Саша, Вермут, Малька (Леви, 20), Абутбуль, Герзичич, Шрем (Фадида, 66).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети