Еуропа Лигасының ақтық кезеңінде англиялық "Арсенал" мен "Челси" кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Еуропа Лигасының ақтық кезеңінде англиялық "Арсенал" мен "Челси" кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалда "Арсенал" 7:3 есебімен испаниялық "Валенсияны" ұтқан. Лондондық клуб 3:1 есебімен өз алаңында жеңіп, екінші матчта 4:2 есебімен испниялық клубтан басым түсті. Екінші ойында "Арсеналдан" Пьер-Эмерик Обамеянг хет-трик жасады, ол 17-і, 69-шы және 88-ші минуттарда көзге түсті. Сонымен қатар Александр Ляказетт 50-ші минутта тағы бір голдың авторы болды. Ал "Валенсиядан" 11-ші және 58-ші минуттарда Кевин Гамейро көзге түсті.
Екінші жұпта "Челси" пенальтиді сәтті іске асырып немістің "Айнтрахт" клубынан басым түсті. Лондондағы қарымта кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Рубена Лофтуса-Чика 28-ші минутта салса, қарсылас командадан Луки Йович 49-ші минутта голдың авторы атанды. Германияда болған бірінші матчта 1:1 есебімен аяқталған еді. Сондықтан командалар жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақытқа жүгінді. Онда ешқандай гол соғылмады. Нәтижесінде пенальти сериясында "Челси" 4:3 есебімен басым түсіп Еуропа Лигасының ақтық кезеңіне өтті.
Еуропа Лигасының ақтық ойыны 30 мамырда Әзірбайжан астанасы Бакуде орналасқан "Олимпийский" алаңында "Арсенал" - "Челси" арасында өтеді. Былтыр бұл турнирді испаниялық "Атлетико" клубы жеңген.
Айта кетейік, чемпиондар лигасының ақтық ойынында да англиялық клубтар кездеседі. 1 маусымда "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" чемпиондық титулға таласады.