ФИФА 2021 жылдың үздік футболшысын таңдады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ФИФА 2021 жылдың үздік футболшысын таңдады

"Баварияның" мюнхендік шабуылшысы Роберт Левандовски Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бойынша 2021 жылдың үздік футболшысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta-ға сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Баварияның" мюнхендік шабуылшысы Роберт Левандовски Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бойынша 2021 жылдың үздік футболшысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta-ға сілтеме жасай отырып.

Марапаттау рәсімі ұйымның YouTube-арнасында көрсетілді. Жеңімпаз журналистер, бас жаттықтырушылар, ерлер мен әйелдер құрамаларының капитандарының дауыс беруі арқылы анықталды. Нәтижесінде, 33 жастағы футболшы екінші рет марапатқа ие болды.

Бұған дейін Парижде жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" марапатын тапсыру рәсімі өткен еді. Жетінші рет беделді марапатты Аргентина құрамасының 34 жастағы шабуылшысы және "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Лионель Месси жеңіп алды. Ал "Барселона" хавбегі Педро үздік жас ойыншы атанды. Жылдың үздік шабуылшысы атағына "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски лайық деп танылды. Жыл футболшысы "Барселонаның" сапында ойнайтын испаниялық Алексия Путеляс болды. "Жылдың үздік қақпашысына" арналған Лев Яшин сыйлығы ПСЖ-лық Джанлуиджи Доннаруммаға бұйырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети