Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Катарда өткен әлем чемпионатында ойындардың әділ өткенін тексерді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Катарда өткен әлем чемпионатында ойындардың әділ өткенін тексерді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Ресми сайт мәліметінше, футбол ұйымы біржақты қорытынды жасаған, алдын ала келісілген ойындар анықталмады.
"ФИФА-ның құрған көп мүдделі Integrity Working Group тобы футболдан әлем чемпионаты кезіндегі барлық матчті бақылау жұмысын сәтті аяқтады. Ол матчтерді манипуляциялау және әділ ойын мәселелерін қарастырды. Ешқандай жағдай анықталған жоқ.
Жұмыс тобының құрамы футболдан әлем чемпионаты кезінде матчті манипуляциялаудың ықтимал оқиғалары мен әділ ойын мәселелері туралы кез келген ескертулерге білікті және уақтылы жауап берді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Францияда 2022 жылғы әлем чемпионатының финал матчін қайта өткізу туралы ұсыныспен петиция ұйымдастырған еді. Әлем чемпионатында француздар Аргентина құрамасынан жеңіліп қалды.
There is no feeling like winning the #FIFAWorldCup. #MondayMotivation #Qatar2022 pic.twitter.com/Yt9Llt1xGY
— FIFA (@FIFAcom) December 19, 2022
Third place at the #FIFAWorldCup! 🥉
— FIFA (@FIFAcom) December 17, 2022
Congratulations, @HNS_CFF 👏 pic.twitter.com/d9ZqhKXvpQ
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!