05 қаңтар 2020 17:31

ФИФА санкциясынан қауіптенген қазақстандық клуб бұрынғы ойыншысының қарызын толық өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Ақжайық" ФК © "Ақжайық" ФК

Оралдық "Ақжайық" ФИФА-ның дауларды шешу палатасына шағымданған сербиялық футболшы Предраг Говедарица алдындағы қарызын өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Оралдық "Ақжайық" ФИФА-ның дауларды шешу палатасына шағымданған сербиялық футболшы Предраг Говедарица алдындағы қарызын өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ақжайык" бәрін толық төледі", - дейді Говедарица.

35 жастағы футболшы "Ақжайық" сапында 2016 және 2017 жылдары өнер көрсеткен. 11 желтоқсанда оралдық клуб Срджан Остоич пен Говедарица алдындағы қарызы үшін жазалануы мүмкін екені хабарланған болатын.

Команда үш трансферлік кезеңде футболшыларды тіркей алмауы және 2020 жылғы маусымды минус алты ұпаймен бастауы мүмкін еді.

Остоичке қарызы жаңа жылға дейін төленді.

Айта кетейік, Говедарица Қазақстанда 2010 мен 2019 жыл аралығы "Ертіс", "Ақжайық" пен "Тараз" командаларында ойнады. Қазір ол Сербия чемпионатының бірінші лигасындағы "Кабель" клубында өнер көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети