1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

FIFA төрешінің намысына тиген Мессиді ойыннан шеттетуі мүмкін

© Marca © Marca

Төрешіні балағаттағаны үшін FIFA испаниялық "Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді ойыннан шеттетуі мүмкін, - деп хабарлайды Marca.com.

Оқиға 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Чилимен ойын кезінде (1:0) болған.

FIFA ойында қызмет көрсеткен төрешілер тобына сауал жолдады, алайда, төрешілердің барлығы намысқа тиіп, кемсіту болмағанын айтады. Дегенмен FIFA төрешілер жағдайды растамаса да, футболшыны ойыннан аластатуға құқылы. Месси құраманың алдағы 2 немесе 4 ойынына қатыспауы мүмкін.

Осылайша, ол іріктеу аясында Боливияға қарсы ойынға қатыспай қалу қаупі бар.