08 қыркүйек 2014 | 12:35

Фигу, Ривалдо, Мальдини Алматыға келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

*** ***

26 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында «Қайраттың» аттары аңызға айналған ардагерлері Әлем футболының жарық жұлдыздарымен кездеседі, - деп жазады «Алаш айнасы».


Иконка комментария блок соц сети

26 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында «Қайраттың» аттары аңызға айналған ардагерлері Әлем футболының жарық жұлдыздарымен кездеседі, - деп жазады «Алаш айнасы».

Бұл ойын – «Қайрат» футбол клубының 60 жылдық торқалы тойына арналған мерекелік шаралардың бастамасы ғана. 1954 жылы құрылған «Қайрат» биыл 60-қа толып отыр.

Клубтың торқалы тойын дүркіретіп өткізуді көздеген ұжым басшылары Алатау бөктеріне теңбіл доп тарландарын жинауға кіріскен. Кездесетін екі команда. «Қайраттың» аңызға айналған ардагерлері және Әлем құрамасы.

«Қайрат» футбол клубының ресми сайты осы ойынға шақыртылған ойыншылардың тізімдерін жариялап қойған. Әрі көптеген футбол жұлдыздарының Алматыға келісім бергендерін жиі-жиі хабарлап отыр.

Мысалы, Әлем құрамасына бас бапкер болуға Италияның әйгілі маманы Фабио Капелло қуана келісіпті. Қазір Ресей құрамасының бас бапкері болып жүрген маман Алматыда теңбіл доп жұлдыздарына жетекшілік етеді.

Ал «Қайраттың» аңыздарына көпшілікке танымал өзіміздің білікті маманымыз Құрбан Бердыев бас бапкер болады.

Бірден айтайық, Әлем құрамасы сапына шақыртылған футболшылардың сапында төрт бірдей «Алтын доп» иегері бар. Олар – Фабио Каннаваро, Луиш Фигу, Андрей Шевченко және Ривалдо. Бұлар – әр жылдары Еуропаның ең үздік футболшылары болып танылған қас шеберлер. Сондай-ақ әйгілі «Манчестер Юнайтед» клубының атақты ойыншысы Пол Скоулз да шақыртылып, ол тіпті келетіндігін айтып, қуантыпты.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети