04 мамыр 2015 18:08

Финалда "Барселонаның" өзін жеңу қымбат тұрады - Есімов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 4 мамырда Алматы әкімі Ахметжан Есімов UEFA кубогінің екі мәрте иегері, "Қайрат" футзал клубының ойыншыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы ойыншыларды еуропалық турнирдегі ірі жеңістерімен құттықтап, финалдық ойын барысындағы өзінің ойымен бөлісті.

"Мен матчты телевизордан басынан аяғына дейін көрдім. Ол өте тартысты өтті. Біздің қақпашымыз Игитаға рахмет, қақпаны барынша қорғай алды. Барлық футболшылар өте тамаша ойнап, жеңіске жетті. Финалда Барселонаның өзін жеңу қымбат тұрады", - деді әкім.

Өз кезегінде ойыншылар "бұл жеңісті Мемлекет басшысын сайлау күніне арнаған сыйлығымыз" деді.

"Мен Сізді Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Өз кезегімде мен Қазақстанның азаматтығын қабылдаған едім, ұлттық құрама үшін ойнаймын. Бұл - мен үшін үлкен құрмет", - деді "Қайрат" АФК голкипері Игита.

Кездесу соңында "Қайрат" футболшылары қала әкіміне өздерінің Лиссабоннан әкелген UEFA-ның нағыз кубогін көрсетіп, турнирдің алтын медалін сыйлады. Ахметжан Есімов "Қайрат" АФК-на Әкімнің кубогін және 5 миллион теңгелік сыйлық сертификатты ұсынды.

Еске сала кетейік, Алматылық "Қайрат" футзал клубы УЕФА кубогын 26 сәуірде жеңіп алды. Финалда қазақстандық клуб Португалияның Лиссабон қаласында испанның "Барселона" командасын 3:2 есебімен жеңді. "Қайрат" футзал клубында Умберто (17 минутта), Алешанре Диваней (198 минутта) және Игор (32 минутта) гол соқты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети