Франция - чемпион! Ресейдегі әлем біріншілігі аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция - чемпион! Ресейдегі әлем біріншілігі аяқталды

Футболдан Франция құрамасы әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін, 15 шілдеде ӘЧ-2018 финалдық кездесуі Мәскеудің "Лужники" стадионында Франция мен Хорватия құрамалары арасында өтті. Ойын 4:2 есебімен француздардың пайдасына шешілді. 

Ойынның 18 минутында Хорватия құрамасының шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасын автогол салды. Алайда оның әріптесі Иван Перишич 28-ші минутта есепті теңестірді. Француз сұрмергені Антуан Гризманн 38-ші минутта есепті еселеді. Поль Погба 59-шы минутта есепті 3:1-ге жеткізсе, алты минуттан соң Киллиан Мбаппе алыстан Хорваттар қақпасынан саңылау таба білді. Марио Манджукич ойынның 69-шы минутында есепті бір ұпайға қысқартты.

Еске салайық, 14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған. 

Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты. 82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне. Бельгия құрамасы осы әлем біріншілігінде 16 гол салып, ең көп гол салған команда атанды. Сондай-ақ осы құрама тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети