Футбол: Ел біріншілігінде алғашқы алтылық сұрыпталып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футбол: Ел біріншілігінде алғашқы алтылық сұрыпталып қалды Фото pfl.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында жиырмасыншы турдың ойындары өтіп, соңғы алты турда жеңілістің кермек дәмін ұмытқан Алматының "Қайраты" Қарағандыда сүрінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында жиырмасыншы турдың ойындары өтіп, соңғы алты турда жеңілістің кермек дәмін ұмытқан Алматының "Қайраты" Қарағандыда сүрінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өткен турда "Ақтөбені" 7:1 есебімен жүндей түткен "Қайрат" бұл жолы ұтылып қалды. Қарағандыда осының алдындағы турда "Астанадан" оңбай ұтылған "Шахтерге" есе жіберіп алды.

"Ақтөбе" де жеңіске жетіп, өткен турдағы жеңілісін жуып-шайған болды. Ал "Тобыл" болса, алғашқы алтылыққа ілігуден үмітін түпкілікті үзді.

Жалпы, алғашы алтылыққа ілігіп, ел біріншілігінің жүлделерін сарапқа салатын командар қатары іріктеліп те қалды. Өз алаңында "Қайсардан" ұтылған "Атырау" да енді алғашқы алтылыққа "тұмсық тыға" алмайды.

Өз алаңында "Ордабасы" клубына шамасы жетпеген "Жетісу" да енді алты ұпай ұзап кеткен басты бәсекелестерін қуып жете алмас...

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. ХХ тур.

"Ақтөбе" – "Тобыл" (Қостанай) – 3:1
Голдар: Шимкович, 5 (0:1). Логвиненко, 43 (1:1). Антонов, 58 (2:1). Зенькович, 62 (3:1).

"Шахтёр" (Қарағанды) – "Қайрат" (Алматы) – 1:0
Гол: Топчагич, 21.

"Тараз" – "Ертіс" (Павлодар) – 5:1
Голдар: Тілешев, 16 (1:0). Мухутдинов, 36 (1:1) Тілешев, 40 (2:1). Қожамберді, 74 (3:1). Уббинк, 80 (4:1). Яровенко, 90+1 (5:1).

"Жетісу" (Талдықорған) – "Ордабасы" (Шымкент) – 0:1
Гол: Касьянов, 63.

"Атырау" – "Қайсар" (Қызылорда) – 1:3
Голдар: Хунт, 8 (0:1). Трифунович, 44-пенальтиден (1:1). Кулибали, 73 (1:2). Хунт, 89.

"Спартак" (Семей) – "Астана" – 1:1
Голдар: Пеев, 43 (1:0). Обрадович, 82-автогол (1:1).

Қазақстан премьер-лигасындағы ХХ-турдан кейінгі жағдай:

1. "Ақтөбе" – 39 ұпай
2. "Қайрат" – 36
3. "Шахтер" – 35
4. "Астана" – 35
5. "Ордабасы" – 31
6. "Қайсар" – 31
7. "Жетісу" – 25
8. "Атырау" – 24
9. "Тобыл" – 23
10. "Ертіс" – 22
11. "Тараз" – 18
12. "Спартак" – 11

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети