Футбол ғажабы: "Астана" соңғы минуттарда АПОЭЛдан айласын асырды

25 Қараша 2016, 00:32
0
Футбол ғажабы: "Астана" соңғы минуттарда АПОЭЛдан айласын асырды -

"Астана" командасының футболшылары Еуропа лигасында АПОЭЛ командасымен өткен кездесуде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Командалар арасындағы ойын 24 қарашада "Астана Арена" стадионында 2:1 есебімен аяқталды.

Ойынның бірінші таймы тартыспен өтті. Жалпы матчтың негізгі бөлімі жарты сағаттан кейін басталды. 31-ші минутта АПОЭЛдың жартылай қорғаушысы Георгиос Эфрем гол соғып, ойынды 0:1 есебімен ашты.

Бірақ "Астана" футболшыларының қайтарған шабуылы салдарынан АПОЭЛ футболшысы ойыннан шығарылды. Ойынның 33-ші минутында испан қорғаушысы Иньяки Астиц ойыннан шығарылдыНәтижесінде командалар 0:1 есебімен (АПОЭЛдың пайдасына) үзіліске кетті.


Сурет: Тұрар Қазанғапов

Матчтың екінші таймында "Астана" командасы белсендірек ойнай бастады. Ойынның 58-ші минутында АПОЭЛдың қақпашысы Бой Ваттерман ойламаған жерден допты түсіріп алады. Сол сәтте "Астананың" қорғаушысы Марин Аничич допты қақпаға қарай бағыттап, есепті теңестірді. Осылайша, "Астана" клубы биыл Еуропа лигасының топтық кезеңінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық клуб болды. Енді "Астана" командасының ойыншыларында турнирдің плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндіктері болып тұр.


Сурет: Тұрар Казангапов

Ойынның қалған уақытында допты "Астана" командасы иеленіп, қарсыластарының қақпасын қоршауға алады. Осылайша матчтың 85-минутында "Астанадағы" серб шабуылшысы Джордже Деспотович штангаға тигізіп барып гол соғып, ойынды 2:1 есебімен аяқтайды.


Сурет: Тұрар Қазанғапов


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай